Кемероводағы өрт кезінде қайтыс болғандардың нақты саны хабарланды

297

0

Кемероводағы өрт кезінде қайтыс болғандардың нақты саны хабарланды 2018 жылдың 25 наурызында Кемеровода жойқын өрт болды.  Өрттен барлығы неше адам қайтыс болғаны хабарланды. «Зимняя вишня» ойын-сауық орталығындағы өрттен 60 адам көз жұмған. Бұл жайында Тергеу комитетінің арнайы өкілі хабарлады.

— Өрт кезінде іс-түссіз жоғалғандар мен сарапшылардың қорытындысы нәтижесінде 60 адамның қайтыс болғаны анықталды, – деді арнайы өкіл.

Айта кетейік, «Зимняя вишня» ғимаратында 64 адам қайтыс болды деп хабарланған болатын. Оның 41-і балалар болған. Аталған өрт Ресейде соңғы 100 жылда орын алған ең үлкен өрт деп тіркелді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<