Кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарының басталғандығын ескертеміз!

7

0

Қызылорда облысы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағында орналасқан. Биылғы 2026 жылға Конго-Қырым геморрагиялық қызбасынан қолайсыз аймақтар ретінде 74 елді мекен облыстың барлық аудандары және Қызылорда қаласы бойынша есепке алынды. 2026 жылдың 9 сәуірінен бастап мамыр-маусым айларында 2 кезеңмен  облыс көлемінде кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жүрзіледі. Ауылшаруашылығы жануарлары, мал қораларына, суат-шаңлақтарға залалсыздандыру препараттарымен өңдеу жеке кәсіпкерлер – мердігерлер арқылы жүргізілсе, елді мекен айналасында санитариялық қорғаныш  аймағын құру «Ұлттық сараптама орталығының» Қызылорда облыстық филиалы мамандарымен жасалады.

         Осы ретте тұрғындарға берілетін кеңес:

•        өңдеу алдында қыстан жиналған қорадағы қи-көңді тазартып, арнайы белгіленген полигондарға елді мекеннен сыртқы аймаққа шығару қажет. Себебі аурудың табиғаттағы тасымалдаушысы болып табылатын иксодты кенелер қи-көңнің астында қорексіз жылдап тіршілік етіп, қауіп төндіреді. Механикалық тазарту жұмыстары жүргізілмеген аумақтарда зақымданған кенелерді жою мүмкіндігі төмендейді, сәйкесінше дәрілеу жұмыстарының тиімділігі әлсірей түседі.

•        қолайсыз аймақ тұрғындары жауапкершілік танытып, залалсыздандыруды жүргізуші мердігерлермен қоралар мен малдардың түгел әрі сапалы дәріленуін қадағалау;

•        Кенеге қарсы өңдеу кезеңінде ауылшаруашылығымен айналысатын жеке кәсіпкерлер, тұрғындар санитариялық-ветеринариялық  қауіпсіздік  шараларын сақтаған жөн.