«Кең дала 2»: Өтінім қабылдау басталды

606

0

Фото: Байқоңыр ӘКК

«Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы күзгі егінді жинау жұмыстарына «Кең дала 2» бағдарламасы аясында несие беруі үшін өтінімдерді қабылдауды бастады.

Аталмыш бағдарламаның негізгі шарттары:

Несиенің мақсаты өнім өндіруші кәсіпорындардың айналым қаражатын толықтыру үшін және агроөнеркәсіп кешендердің егін егу мен жинау жұмыстарына;

Пайыздық мөлшерлемесі 5% құрайды;

Бағдарлама аясында берілген несиенің қайтару мерзімі 2025 жылдың 1 наурызына дейін;

Несие кепілдік шарт негізінде беріледі. Кепілге жылжымайтын мүлік, екінші деңгейлі банктердің кепілдемесі және «Даму» қорының кепілдемесін алу болады.

Бағдарлама аясында несие алуға ниет білдірген кәсіпкерлер 70-10-99 байланыс телефоны арқылы қажетті құжаттар тізбесін анықтап алуға болады.

«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<