«Кетпейсің! Болды, кетпейсің…»

335

0

«Кетпейсің! Болды, кетпейсің...»Осы жұмада, 5 қазан күні сағат 15.00-де Н.Бекежанов атындағы облыстық музыкалық драма театрының ұжымы М.Ф.Ахундзаденің «Кетпейсің! Болды, кетпейсің…» комедиясын көрермен назарына ұсынады.
 Шет елдің мәдениеті мен  тұрмысы кімді болмасын қызықтырады емес пе?! Шахбаз-бекті де қызықтырып, Парижге жетелеген сол нәрсе. Жас бектің қалауын жұрттың бәрі естігенде оқиға қыза түседі. Беттерін ашып, жалаңбас жүретін француздың сылқым қыздарынан күйеу жігітін қызғанған Шарафниса-ханымның, қызының жылағанын көрген шешесінің әрекеттерінің нәтижесін көргіңіз келсе, спектакльді тамашалауға асығыңыз.
Қойылымда Карабах еліндегі бай шаруаның сарайында болған көріністерге  куә боламыз!

Театрдың ақпарат бөлімі.