Кеше аудан әкімі Ардақ Ибраимов аудан тұрғындарын кезектілік тәртібімен жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға тұрғындар тұрақты жұмыс, жер үлесі және баспана мәселелерімен жүгінді.
Қабылдауда көтерілген жеке мәселелерге заңға сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш беру арқылы жазыла алады.
Жалағаш ауданы әкімдігі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<