Киберқылмысқа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды

258

0

Фото: Қорқыт ата атындағы ҚУ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Киберқылмысқа қарсы іс қимылдың замануи тенденциялары мен бағыттары» тақырыбында ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтті.

Жиында киберқылмысқа қарсы іс-қимылдарды тиімді ету үшін техникалық және заңдық шараларды біріктірудің қажеттілігі талқыланды.

Кездесудің модераторы «Құқықтану» білім беру бағдарламасының жетекшісі, заң ғылымдарының кандидаты Ерлан Алтаев ақпараттық қауіпсіздік және киберқылмыстың қазіргі заманғы қоғамға төндіретін қауіп-қатерлері туралы маңызды мәселелерді қозғады.

Сонымен қатар, Қызылорда облыстық прокуратураның басқарма аға прокуроры Ерлан Алмаханов, Қызылорда қалалық полиция басқармасының «Киберпол» жедел тергеу тобының жетекшісі Индира Абдыхаппар, Қызылорда облыстық экономикалық-тергеп тексеру департаментінің аға жедел уәкілі Азамат Матаев, Қызылорда облысы бойынша сот сараптамасы институтының бас сарапшысы Серік Молжанов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Кибекқауіпсіздік офицері Дәулетбай Жүсіп, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Әлішер Мұрат, Құқықтану кафедрасының аға оқытушысы, заңтану магистрі Еркемай Саниязова, № 10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушылары Асылжан Қалдыбай, Жанет Искакова баяндама жасады.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты интернеттегі қылмыс түрлерінің көбеюі, оның ішінде деректерді ұрлау, алаяқтық және жүйелерге жасалатын шабуылдарды алдын алу. Сонымен қатар, киберқылмыспен күресудің құқықтық аспектілері мен халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<