«Киелі мекен» апталығы Қорқыт ата кесенесінен басталды

489

0

Фото: Қармақшы ауданы әкімдігі

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында аудандағы барлық тарихи-мәдени ескерткіштеріне абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады.

Бүгін осыған орай бүкіл түркі елінің абызы «Қорқыт ата» кесенесінің аумағына тазалық жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараға қатысқан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Мереков, қоғамдық кеңес төрағасы Ә.Құлдүйсенов экологиялық акцияның маңыздылығына тоқталып, «Киелі мекен» апталығы аясында өткізілетін шараларға белсене атсалысуға шақырды.

Тазалық жұмыстары барысында мемориалдық кешеннің аумағын ретке келтіру, ағаш отырғызу, ақтау-сырлау, абаттандыру, күл-қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<