«Кір сабын ішіне жасырған»: Қызылордада сотталғанға телефон жеткізбек болған күдікті анықталды

210

0

Фото: ҚАЖ департаменті

Қызылордада жазасын өтеушіге кір сабын ішіне телефон жасырып өткізбек болған күдікті анықталды, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №37 мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғанға қысқа мерзімді кездесуге танысыны келген.

Алдымен азаматтың сотталғанға алып келген сәлем-сауқаттарын тексерілген. Тексеру нәтижесінде кір сабынның ішіне жасырылған телефон табылған.

Айта кетейік телефон — сотталғандардың пайдалануына тыйым салынған заттардың қатарына жатады. Қазіргі таңда телефонды мекеме аумағына енгізуге әрекеттенген азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес құжаттар сотқа дайындалуда.

Қызметкерлердің дер кезінде қабылдаған шараларының арқасында мекемеге тыйым салынған заттың өтіп кетуіне жол берілмеді.