Кіші Арал суын көбейтуге мүмкіндік бар

3

0

Фото: Ақорда

Ұлттық құрылтай ел дамуы үшін маңызды қоғамдық диа­лог алаңы болғанын көр­сет­ті. Сыр өңі­рінде құ­рыл­тай өткізу – тарихи әді­­леттіліктің белгісі әрі ұлт­тық мемлекеттілікке бас­тау болған ай­­маққа көр­сетілген құрмет. Жиын­да көтерілген тіл, мәдениет, өңір­лерді да­мыту, әлеу­меттік әді­леттілік мәсе­ле­лері қоғамның нақ­ты сұра­нысынан туындап отыр.

Бұл құрылтайдың басты құн­дылығы – халық үні ес­керіліп, ұсы­ныстар нақты ше­шімдерге ұласуы тиіс деген ор­тақ жауапкершіліктің айқын сезі­луі.

Сыр өңірінде өткен құрыл­тайдың жоғары дәрежеде ұйым­дас­тырылғанын көруге болады. Мемлекет басшысының өзі ри­за­шылығын білдірді. Елдің сая­си жүйесінде «Құрылтай» атауын аса ма­ңызды мемлекеттік инсти­тут­тың сим­волы ретінде сақтап қалу­дың мәні үлкен. Бұл ретте Пре­зидент депутаттар санына қатысты қызу пікірталас туындағанын да ашық айтты, мәселенің аражігін ашып берді. Шын мәнінде тиімді әрі кәсіби Пар­ламент құ­рудың маңызы зор. Жаңа заң шы­ғарушы орган елдегі ау­қымды өз­герістерге заңнамалық тұрғыда барынша қолдау көрсетуге тиіс.

Сонымен қатар, Президент Қы­зылордаға келіп тұрып, Арал мә­селесіне тоқталмай кету мүмкін емесін де жеткізді. Расында Арал – бір елдің ғана емес, тұтас Орта­лық Азияның ортақ мәселесі. Сон­дықтан трансшекаралық өзен­дерді тиімді басқару, су үнем­деу технологиясын ен­гізу, ха­лық­ара­лық ынтымақтастықты кү­­шей­ту – басты міндеттердің бірі. Эколо­гиялық сана қалыптастыру мен ғылыми зерт­теу­лер­ді қолдаудың маңызы зор. Бұл ретте «Көкарал» бөгетін биіктету шаралары қолға алынғанын, жоба осы жылдың со­ңында басталатынын айтты. Енді Кіші Арал суының көлемін ай­тарлықтай көбейтуге мүмкіндік болады.

Арал тағдыры – табиғатқа нем­құрай­лы қараудың ащы саба­ғы. Оны сақтау – келер ұрпақ ал­дындағы жауапкершілік. Таби­ғат­пен үйлесімді даму жолын таң­да­ған жағдайда ғана Аралдың бо­ла­ша­ғына үміт­пен қарауға бо­лады.

Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, ел тағ­дырына қатысты ең күрделі мәселелерді қазақ халқы үнемі құрылтайда, билер ке­ңесінде шешкен. Ел бірлігі, жер тұ­тастығы, жұрттың амандығы бә­ріне ортақ ақылдасу алаңында тал­­қыланған, шешім шығарылған, ортақ заң қабылданған. Қы­зыл­ор­дада өткен Ұлттық құрылтай сол ата дәстүрдің заманға сай жаң­ғы­руы деп білемін.

Айтбай КӨШЕРБАЕВ,

қоғам қайраткері,

техника ғылымдарының кандидаты