«Кітап-AMANAT» рухани орталығында конференция өтті

550

0

Фото: «AMANAT» партиясы

Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен біліміне, ұлттық мүддеге сай келетін кітаптар басып шығаруға ерекше назар аударған болатын.

Ол кітап шығару ісі идеологиялық жұмыстың басты бағыттарының бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында «Адал азамат» тұжырымдамасының мән-мағынасына терең тоқталды. Осыған орай, «AMANAT» партиясы Президенттің бастамаларына демеу болып, өз деңгейінде ұлттың зияткерлік дамуына жан-жақты қолдау көрсетуді бастап кетті.

Осылайша, партия биылдан бастап еліміздің барлық аймағында кітап орталықтарын ашуды қолға алған болатын. Бастама аясында біздің облыста да «Кітап-AMANAT» жобасымен мәдени-ағартушылық орталық ашылып, қазіргі таңда белсенді жұмыс жүргізілуде.

Бүгін аталған орталықта конференция ұйымдастырылып, көпшілік қауымға жобаның мақсат-міндеттері мен одан күтілетін нәтижелер мен және рухани құндылықтар туралы кеңінен насихатталды.

Конференция жұмысына партияның облыстық филиалының төрағасы Н.Байқадамов, партия филиалының Атқарушы хатшысы Л.Төрешова, «MIRAS» аймақтық кеңесі мүшелері, облыстық, қалалық мәслихаттардағы фракция мүшелері, зиялы қауым өкілдері мен партия белсенділері қатысты.

Рухани орталықта өткен жиында филиал төрағасы Наурызбай Байқадамов жобаның ауқымын ұлғайту бойынша алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға тоқталып, «Кітап-AMANAT» руханият пен мәдениеттің үлкен орталығына айналатынына сенім білдірді.

«Бір сөзбен айтсақ, бұл жай ғана кітап дүкені емес, бұл – руханият орталығы. Біздің өңірде келесі жылы барлық аудандарда салынатын бір типтегі «Руханият орталықтарында» осындай кітап бұрыштарын ашуға мүмкіндік болады деп ойлаймыз. Себебі ол жерде ардагерлерден бастап барлық Үкіметтік емес ұйымдар және ұлттық құндылықтарды насихаттайтын тәрбие орталықтары бірігіп, жұмыс жасайтын болғандықтан, жобаның ауқымы кеңейетін болады» – деді төраға Наурызбай Сейтқалиұлы.

Сондай-ақ конференцияда Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының басшысы Қаршыға Есімсейітова, Ақын,  Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің докторанты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мақсат Дауылбай жобаға қатысты оң пікір білдіріп, орталықтың ашылуы әрбір қаламгерге жасалған рухани демеу екенін атап айтты.

Мұнан бөлек Әбілдә Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханасының маманы Изанелья Ақтай көпшілікті орталықтағы кітап қорымен, олардың бағыт – бағдарымен таныстырып, баршаны кітап нәрімен сусындауға шақырды.

Жиын соңында конференцияға қатысушылар тарапынан айтылған ұсыныстар тиісті орындарға жолданатын болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<