26 сәуір – Дүниежүзілік зияткерлік меншік күніне орай «Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен «Рухани жаңғыру» орталығы «Kitap Fest – 2018» кітап фестивалін өткізді.
Шараның мақсаты – кітапты насихаттау, қоғамның интеллектуалды әлеуеті мен мәдени құндылықтарын арттыру, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін арттыру, жастардың кітап оқуға, көркем әдебиетке деген құштарлығын ояту, авторлық және сабақтас құқықтар туралы мәселелерді түсіндіру болды.
Фестиваль кітапхана алаңында «Бәрі кітаптан басталады» атты флешмобпен басталып, қатысушыларды облыстық кітапхананың директоры Н.Мырзамұратова құттықтады.
Кітап фестиваліне ақын-жазушылар Р.Наурызбаева, Д.Торғаева, Ғ.Әбілдаева, Қ.Өзденбаева, Н.Рахметова өз шығармашылықтарымен бөлісті. Кітапхана алаңында «Ғажайып кітап әлемі» және «Жыл кітабы – 2018» кітап көрмелері мен жергілікті баспалардың кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылып, онда әділет департаменті басшысының орынбасары И.Бакишева сөз сөйледі.
Қызылорда қаласындағы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары С.Әбдірахманова, Қазақстанның танымал ғалым-селекционері, ауылшаруашылық ғылымдардың докторы А.Подольскихпен кездесу ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары «Даналық ағашы», «Білім ұясы» – «Ұтыс кімге бұйырады?» интеллектуалды ойындарға қатысып, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.
Кітап фестиваліне зиялы қауым өкілдері, жастар, кітапхана оқырмандары, жоғары оқу орындарының және колледж студенттері, мектеп оқушылары, жалпы қала тұрғындары қатысып, өте қызықты өтіп, теледидарлардан жарықтандырылды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<