Жазғы демалыс кезінде жыл сайын NOMADS CAMPбірегей киіз үй лагері өткізіледі. Биыл киіз үй лагеріне Қызылорда облысының 7 ауданының және Қызылорда қаласының 50 оқу озаты барды. Демалысты ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры сыйлады. Бір апта бойы балалар Астанадан 100 км қашықтықта орналасқан Ақмола облысы, Ақкөл ауданындағы бірегей киіз үйлерде белсенді демалып қайтты.
NOMADS CAMP апталық бағдарламасы – қызықты ОЙЫН – САУЫҚ ретіндегі білім беру модулі және сауықтыру іс-шарасы болып табылады. Әрбір мерзімнің атпен жүру, садақ ату, көне катапульта әзірлеу, шөптерден шай әзірлеу рецептілерімен танысу, бауырсақ пісіру, балық аулау,бүркітпен саятшылық құру бойынша ерекше элементтері бар.
Балалар бір киіз үйде 8 баладан тұрады. Әрбір балаға ұйықтау үшін төсек-орын беріледі. Лагерьде Қазақстанның және әлемнің басқа елдерінен келген куәландырылған скаут-инсрукторлар қызмет етеді, олар балаларды жаңа дағдыларға үйретеді. Лагерьге 11 мен 17 жастағы балалар қатыса алады. Лагерь жаз бойы жұмыс істейді.
Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша – бұл ерекше қазақша скаут қозғалысы болып табылады, балалар киіз үйде тұрып, таза ауада экологиялық таза тағамдар қабылдап, ата-бабалардың көшпелі өмірімен танысады. Танымдық ойындар кезінде балалар табиғаттың адамға беретін байлығын бағалауға үйренеді. Әрине өздеріне жаңа достар тауып, пайдалы тәжірибе жинайды. Балалардың айтуы бойынша оларға әсіресе садақ ату және асық ойнау ұнайды екен.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<