Жастар жылына орай 14 – 22 наурыз аралығында Жаңақорған ауданында көкпар, аударыспақ, теңге ілуден XIII, жамбы атудан V Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Жастар арасында ұйымдастырылатын жарысқа барлық облыс орталықтарымен қатар Алматы қаласынан шабандоздар қатысады.
Бұл дүбірлі дода сəуір айында Алматы қаласында жастар арасында өтетін I Азия чемпионатына іріктеу жарысы болып табылады.
Ал чемпионатта Қызылорда облысының намысын 21 спортшы қорғайды.





