2017 жылы Жаңақорған кенті аумағынан көлемі 1000 га жерді қамтитын агроиндустриялық пайдалануға берілді. Ал биыл көкөніс шаруашылығын дамыту мақсатында Жаңақорған ауданы бойынша Ақүйік, Сүттіқұдық, Төменарық, Қаратөбе, Қандөз ауылдық округінің тұрғындары үшін агроиндустриялық аймақ ашылуда.
Қаратөбе, Қандөз ауылының диқандары биыл тары дақылын егумен айналысса, Ақүйік, Сүттіқұдық жəне Төменарық ауылы қауын, қарбыз, картоп, сәбіз егуді жоспарлауда. Агроиндустриялық аймақты қоршау жұмыстарына аудандық бюджеттен қаржы қаралып, бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы жеңімпаздар анықталуда. Осы мақсатта бүгін аудан əкімі Ғалым Махмұтбайұлы Əміреев Сүттіқұдық жəне Төменарық ауылдық округіндегі көктемгі дала жұмыстарымен танысты.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<