Клаус Шваб Қазақстанда Төртінші өнеркәсіптік революция орталығын құруды ұсынды

298

0

«Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келімбетов Женева қаласында  Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) атқарушы төрағасы және негізін қалаушы Клаус Швабпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесуге Қазақстан Республикасының БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі Жанар Айтжанова қатысты. Келіссөздер барысында Қ.Келімбетов ДЭФ-тың жаһандық деңгейдегі жұмысының маңызын, сондай-ақ Қазақстанның осы ұйыммен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға деген қызығушылығын атап өтті.
Ол сондай-ақ, АХҚО-ның стратегиялық бағыттары туралы егжей-тегжейлі хабардар етіп, оның құрылуы қолайлы инвестициялық климат құру және халықаралық бизнес стандарттарын біріктіруге бағытталған Қазақстанның экономикасын әртараптандыру үшін құрылымдық реформалардың бір бөлігі болып табылатынын атады. Өз кезегінде ДЭФ Атқарушы Төрағасы ДЭФ-тің Қазақстанмен ынтымақтастығының маңыздылығын және Қазақстанның Орталық Азиядағы жетекші рөлін атап өтті.
Бұдан басқа, К. Шваб Қазақстанда АХҚО негізінде Орталық Азия үшін Төртінші өнеркәсіптік революция орталығын құруды ұсынды. Сан-Франциско қаласында жұмыс істейтін осындай ДЭФ орталығы жаңа технологияларды, жасанды интеллект, блок-технологияларды және басқа да қазіргі заманғы технологияларды дамытуға баса назар аударады. К.Швабтың айтуынша, Орталық Азия аймағында ұқсас орталық құру құрлықтарды қосып қана қоймай, әртүрлі перспективті орталықтармен байланыстырады және орталықтардың жаһандық деңгейдегі негізгі идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<