Клинингтік компания пойыздарды дұрыс тазаламай келген – ҚТЖ

213

0

Фото: Әділет Бірімқұлов/ Kazinform

Жолаушылардың тазалықтың жоқтығына және ҚТЖ вагондарын уақтылы жинамауына жиі шағымданады. Осыған байланысты масс-медиа өкілдерінің қатысуымен жеке тексеріс жүргізілді.

Тексеру компанияның Павлодар, Астана, Қарағанды, Петропавл, Көкшетау, Қостанай және басқа бағытында жүретін «Жолаушылар тасымалы» АҚ Солтүстік филиалы пойыздарында клинингтік қызмет көрсету міндеттемелерінің орындалмағанын көрсетті.

Бұзушылықтардың арасында тазалау сапасының төмендігі, сапаны бақылаудың болмауы, қызметкерлердің біліктілігінің жеткіліксіздігі, сондай-ақ құжаттарды бұрмалау бар.

Клинингтік компанияға айыппұл салынды. Анықталған кемшіліктер жойылмаған жағдайда шартты бұзу мәселесі қаралады.

Сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Солтүстік өңірлік филиалының директорына, директордың сервистік қызмет көрсету жөніндегі орынбасарына және өндірістік-техникалық оқыту жөніндегі нұсқаушысына пойыздарды тазалау сапасын бақылауға жауапты қатаң сөгіс жарияланды.

Сондай-ақ, өңірлік филиал учаске бастығының атқаратын лауазымына сәйкестігі қаралады.

ҚТЖ клинингтік қызметтер сапасыздығы, пойыздардағы тазалыққа байланысты өзге де фактілерді фото, аудио және бейнематериалдарымен қосып @Jolaushylar_tasymaly Instagram парақшасына (direct) немесе +7 776 714 5686 WhatsApp нөміріне жіберуге болатынын еске салады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<