Көлік апатынан екі адам қайтыс болды

198

0

Қызылорда қаласының орталық бөлігіндегі Қорқыт ата және Желтоқсан көшелерінің қиылысында екі көлік соқтығысты. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Mercedes-Benz» көлігінің иесі қарама қарсы бағытта келе жатқан «Volkswagen» маркалы автокөлікке жол берместен бұрылған. Оқыс оқиға салдарынан екі адам қайтыс болған.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды», – дейді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<