Көлік құралдары салығын төлеу мерзімі

309

0

 Меншік құқығындағы салық салу объектілері бар жеке тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады. Салық төлеуші салық кезеңі үшін салық сомасын салық салу объектісіне салық ставкаларын қолдану жолымен дербес есептейді.

Салық кезеңі үшін  көлік салығының сомасын ҚР ҚМ МКК сайтынан  http://kgd.gov.kz (электрондық сервистер – калькуляторлар – көлікке салынатын салықты есептеу) сілтеме бойынша анықтауға болады.

Салық берешегі туралы ақпаратты білу үшін www.kgd.gov.kz  интернет-ресурсынан және  «Электрондық үкімет» порталынан  «салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер»  туралы электрондық сервисті  пайдалануға болады.

              Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<