Көліктер соқтығысынан екі адам көз жұмды

247

0

Кеше таңғы сағат төрт жарымдар шамасында Қызылорда қаласындағы Желтоқсан және Қорқыт ата көшелерінің қиылысында «Volkswagen Tuareg» автокөлігі мен «Мerсedes-benz» көліктері соқтығысып, салдарынан екі адам қаза тапты, – деп хабарлады облыстық ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінен.

Барлау жұмысы нәтижесінде«Мerсedes-benz» автокөлігінің 1961 жылғы жүргізушісі мен 1962 жылы туылған жолаушысы қысылып қалып, қаза тапқаны анықталды. Құтқарушылар марқұмдардың денелерін сыртқа шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Жеңіл жарақат алған екінші көлік жүргізушісі мен жолаушылары алғашқы медициналық көмек көрсету, толық тексеру жүргізу үшін облыстық медициналық орталығына жіберілді.

Қазіргі кезде апаттың неден болғаны және шығын көлемі анықталып жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<