Әкім велосипедпен шаһарды аралаған (видео)

370

0

Әкім велосипедпен шаһарды аралаған (видео)Семей әкімі Ермек Сәлімов қала көшелерін велосипедпен аралап, шаһар тұрғындарымен тілдесті деп хабарлайды Altaynews.kz.
Басылымның мәліметінше, таңғы 6:00-де жұмысын бастаған шаһар басшысы орынбасарлары мен әкімдіктегі бөлім басшыларын жинап, Юность ауданына велосипедпен барған.
Ермек Сәлімов тұрғындармен жолығып, арыз-тілектерін тыңдаған.
Ол қоқыс шығару мәселе ушығып тұрған аудандарды суретке түсіріп алып, бір сағаттың ішінде көптеген мәселелерді көруге болатынын жеткізген.

​​​