Әкімдермен кеңес өткізді

178

0

Мемлекет басшысы Ақордада облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен кеңес өткізді.

Қазақстан Президенті өз сөзінде өңірлердің әлеуметтік-­экономикалық даму мәселелерін шұғыл шешу үшін әкімдердің алдына бірқатар міндет қойды.

Қасым-Жомарт ­Тоқаев әкімдер корпусына халық­тың талаптарын жүйелеуді және оларды шешу үшін жан-жақты жұмыс жүргізуді, сондай-ақ, олардың қажеттілігі өңірдің әлеуметтік жол картасында көрініс табуы керек екенін тапсырды.

Мемлекет басшысының пікірінше, өңірлік билік облыстар мен қалалардағы тұрақтылық үшін жауапкершілікті өздеріне алуы тиіс.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті алдағы астық жинау науқанына дайындық жұмыстарын жүр­­гізуді, дала мен орман өрттерін ескерту және оның алдын алу шараларын қабылдауды, сондай-ақ жылу беру маусымына әзірлік жүр­гізуді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ны­сандарының тоқтаусыз жұ­мыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бү­гінгі қойылған барлық міндеттің іске асырылуын бақылауды Президент Әкім­шілігіне жүктеді.

Жиыннан кейін Мемлекет басшысы облыстың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін қабылдады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<