Ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді. Маңызды науқанға дайындық барысы бүгін Үкіметтің кезекті отырысында талқыланатын болады. Сондай-ақ жиында көктемгі егіс жұмыстарын ұйымдастыру, орман және дала өрттерінің алдын алу сынды мәселелер қаралады. Күн тәртібінде Еңбек және әлеуметтік саланы цифрландыру жайы да бар.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<