Әкімшілік құқық бұзушылық қай салада көп тіркелді?

298

0

Қызылорда облысында биылғы жылдың І жартыжылдығында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында әкімшілік құқық бұзушылыққа ең көп жол берген ауылшаруашылығы саласы болып отыр.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында жүргізілген сыртқы бақылау және мониторингтеу жұмыстары қорытындысыменоблыстың ауылшаруашылығы саласында әкімшілік құқық бұзушылықтың жоғары екендігі анықталды.

«Маусым айының өзінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнама талаптарын бұзғаны үшін 4 лауазымды тұлғаға қатысты 6 әкімшілік хаттама толтырылып отыр» – дейді Департаменттің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Ғалым Ілкібаев.

Атап айтсақ, Қармақшы ауданындағы аумақтық инспекциямен жасалған әкімшілік құқық бұзушылық бойынша инспекция басшысының міндетін атқарушыға 33670 теңгеге хаттама толтырылса, Жалағаш ауданының 3 ветеринар дәрігеріне 151515 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Жалпы, Департаментпен 185185 теңге мемлекет қаржысына өндірілетін болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<