\»Күн сәулесі қыздырмаған\» әкімдерге сөз берген Сағынтаев министрмен әзілдесті

350

0

\"Күн сәулесі қыздырмаған\" әкімдерге сөз берген Сағынтаев министрмен әзілдесті Үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев сөзді «күн сәулесі қыздырмаған» әкімдерге беріп, министрлерді бір күлдірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов үкімет отырысында бюджеттің атқарылуы бойынша баяндама жасаған еді.

«Жергілікті бюджеттердің шығысы 511 млрд теңгеге игерілді. 29 млрд теңгеге орындалмады. Алайда осы айда үш өңір көш басында тұр. Қостанай облысы 99,9 пайызға, Солтүстік Қазақстан 99,5, Павлодар 99,2 пайызға игеріп отыр. Мұның бәрі тиісті іс-шаралар қабылдағанның арқасында жүзеге асты.Бірақ басқа облыстар, әсіресе оңтүстік және батыс өңірлердегі әріптестер, осы көктемнің сәулесімен жылынып, жаңағы айтылған әріптестерін қуып жетуге тырысады деп ойлаймын», — деді Сұлтанов.

Министрдің күн сәулесі туралы әзілі Сағынтаевқа ұнаса керек, сөзді бірден іліп әкетті.

«Онда Бақыт Тұрлыханұлы айтқандай, күн сәулесінің шуағы қыздырмаған әкімдерден бастайық», — деп бір күлдірген премьер сөзді Астана әкімі Әсет Исекешевке берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<