Кеше «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аумақтық коалициясының мүшелері ауданның спорт саласы өкілдерімен кездесті.
Кездесуге аумақтық коалиция мүшелері Ақтөре Ибрагимұлы, Жадыра Бағдатқызы, Үмбігүлсім Жанақұлова, Нұржан Сейтжан қатысып, спорт саласының өкілдеріне алдағы референдум аясында атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырып, оның маңыздылығы мен қоғам үшін өзектілігіне тоқталды.
Коалиция мүшесі Ақтөре Ибрагимұлы Жаңа Конституция бастамасының басты бағыттарына кеңінен тоқталды.
Өз сөзінде ол әділетті қоғам құру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау – ел дамуының басты кепілі екенін атап өтті. «Конституциялық өзгерістердің жастарға, оның ішінде спорт саласына беретін мүмкіндіктері көп. Спортшылар үшін тең мүмкіндік, ашықтық пен әділ бәсекелестік қағидаттарын сақтау мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі»-деді ол.
Сондай-ақ коалиция өкілі Үмбігүлсім Жанақұлова жастар саясаты мен бұқаралық спортты дамытуға бағытталған бастамалар жаңа реформалармен сабақтас екені ерекше атап өтті. Сонымен қоса спортшыларға жеңімпаз болуға, еліміздің көк байрағын әлемдік сайыстарда көтеруге тілектестік білдірді. Конституциялық референдум күні «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» азаматтық ұстанымдарын көрсетуге шақырды.
Спорт саласының өкілдері Конституцияның негізгі құндылықтары жанға жақын екенін атап өтті. Сондай-ақ адал бәсекелестік, еңбек пен нәтижеге құрмет – спорттың да, қуатты мемлекеттің де берік іргетасы, деп пікір білдірді.
Колация мүшелері ұсыныстар мен пікірлердің барлығы назарға алынатынын жеткізіп, коалиция жұмысының басты ұстанымы халық үнін есту екенін атап өтті.






