«Көгілдір отын» – 83, ауызсу – 100 пайыз

58

0

Облыста кейінгі жылдары инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Соның ішінде елді мекендерді газдандыру мен сапалы ауызсумен қамтамасыз ету – тұрғындардың өмір сапасын арттырудағы негізгі басымдықтардың бірі ретінде айқындалған. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп отыр.

Расын айту керек, қазір отын мен көмірдің қамын ойлап бас қатырмай, ыс пен күлдің аза­бы­нан құтылған сан мың отба­сы­ның тұрмысы жаңа сипат алды. Әсіресе, 4 жыл ішінде елді ме­кендерді газдандыруға 70 млрд теңгеден астам қаржы тартылып, нәтижесінде 39 елді мекен және 1 қала (Қазалы) толық газбен қам­тамасыз етілді. Осылайша, облыс бойынша газдандыру деңгейі 70-тен 83 пайызға жетті.

Жылдар бөлінісіне тоқталар болсақ, 2022 жылы 14 жобаны жү­зеге асыруға 8,7 млрд теңге бө­лініп, 5 елді мекен және 1 қа­ла табиғи газға қосылды. Жыл қорытындысы бойынша газдан­дыру деңгейі 70 пайызды құрады. Ал 2023 жылы 26 жобаны жү­зеге асыруға 8,7 млрд теңге бө­лініп, жыл соңыңда 13 елді ме­кен табиғи газға қосылып, 36 мың­ға жуық тұрғын оны тұтыну мүм­кіндігіне ие болды. Сол ке­зеңдерде «көгілдір отынға» қо­­сылған елді мекен 35-ке же­тіп, газдандыру деңгейі  75 па­йыз­ды құрады. Алдыңғы жылы 24 жо­баны жүзеге асыруға 30,5 млрд теңге бөлініп, 11 елді ме­кен та­биғи газға қосылды. Сол жыл­дың соңында облыстың газ­бен қам­ту деңгейі 78 пайызға, газ­­дан­ды­рылған елді мекен саны 46-ға өсті.

Былтыр да жақсы нәтижелер болды. 18 жобаны жүзеге асыруға 17,3 млрд теңге бөлініп, 10 елді мекен «көгілдір отынға» қосылды. Оның ішінде Шижаға, Ортақшыл, Баймұрат, Талдыарал, Ақтан батыр, Н.Ілиясов, Шаған, Дүр Оңғар ауылдарын айтуға болады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облысты газдандыру деңгейі 83 пайызға, газдандырылған елді мекен саны 56-ға өсті.

Биылдың өзінде 14 жобаны жүзеге асыруға 4,9 млрд теңге бөлінді. Жыл басында «Сабалақ» саяжайының тұрғындары үшін қуанышты жаңалық болды. Көп­тен бергі мәселе шешімін та­уып, мұндағы 1600-ден астам або­нент «көгілдір отынға» қосылуға мүм­кіндік алды. «Сабалаққа» газ же­лісін жүргізу үшін 3 кезеңнен тұратын жоба дайындалған бо­ла­тын. Жоба құны 3 млрд теңге болса, аймақ басшысының тіке­лей қолдауымен қосымша 300 миллион теңге бөлініп, сая­жай­дың ішкі газ желілерін тарту жұ­мыстары жүргізілді.

Жалпы, жыл соңына дейін об­лыстағы 10 елді мекенге «көгілдір отын» жеткізіп, газдандыру дең­гейін 85 пайызға жеткізу жоспар­лануда.

Өңірде ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі де жүйелі түрде ше­шімін тауып келеді. Мемлекет бас­шысының елді мекендерді то­лықтай сапалы ауызсумен қамту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, кейінгі жылдары ауқымды жоба­лар жүзеге асырылды.

2022 жылдан бастап бұл салаға жалпы 37,1 млрд теңге бөлініп, 77 жоба іске асырылды. Нәтижесінде, өткен жылдың қорытындысы бо­йынша облыстағы елді мекендер 100 пайыз сапалы ауызсумен қам­­тылды. Тағы да жылдар бөлі­нісіне кезек берсек, мәселен, 2022 жылы 19 жоба жүзеге асса, сол кезеңде ауыз сумен қамту дең­гейі 98,1 пайызды құраған. 2023 жылы 23 жоба іске асып, 98,4%, 2024 жылы 11 жоба жүзеге асып, 98,6% болды. Былтыр 24 жоба орындалып, 100 пайыз көр­сет­кішке қол жеткіздік. Бұл – үл­кен жетістік. Себебі, ауызсу – халық денсаулығы мен тұрмыс сапа­сының негізгі көрсеткіш­терінің бірі.

Жасалып жатқан жобалар өңірдің инфрақұрылымдық әле­уетін айтарлықтай арттырды. Газ­дандыру деңгейінің жыл сайын өсуі және ауызсумен 100 пайыз қамтылуының соңында үлкен ең­бек пен табандылық жатыр.

Айсәуле ҚАРАПАЕВА,

«Сыр бойы»