Әзілкеш Қанат Әлжаппаров әлеуметтік желі арқылы халыққа баюды, бақытты отбасы боулды үйрететін кісілерді сынады, деп хабарлайды Syrboyi.kz Sкifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Оның пайымдауынша, бүгінде қалтасында көк тиыны жоқ ағалар көпшілікке қалай баюды үйретіп жүр.
«Интернетті ашып қалсам, көк тиын ақшасы, я бизнесі жоқ аға баюдың жолын үйретіп отырады ғой бізге. Негізі бай адам үйретпейді ғой? 3-4 рет күйеуге тиіп келген апа, бақытты отбасы туралы айтып отырады ғой, миыңды ашытып. Сөз бар ғой, қазақ жалқау халық деген.
Негізі біз жалқау емеспіз. Біздің сенгіштігімізді пайдаланып, бізге жұмыс істетпейді. Күректі алып, енді жұмыс істейін деп жатса, неге сен жұмыс істеп жатырсың, Шыңғыс ханның ұрпағысың сен деп айтады. Сол жерде күректі лақтырып жібересің, өйткені ханның тұқымысың ғой. Сол жерде Шағатайдың інісі болып кетесің ғой. Сондықтан біреудің өсегіне сенбей, өзіміз үшін тірлік істеп жүрсек, біз әлемдегі ең бай ел боламыз деп ойлаймын», — деді ол.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<