Көктайғақ: Қызылордада бір тәулікте 150 адам жарақат алған

683

0

Қызылордада ақпанның 1-нен 2-сіне қараған түні жаңбыр жауып, таңертеңгі аяздың салдарынан көктайғақ болды. Ауа райының қолайсыздығынан біраз адам зардап шекті.

Қызылорда қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Қадырбек Әліповтің айтуынша, 2 ақпан күні таңғы сағат 8-ден бастап бір тәулік ішінде көктайғақ кезінде құлап, түрлі дене жарақаттарын алған 150 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген. 21 адам ауруханаға жатқызылып, 3 адам жансақтау бөліміне түскен, ал 18 адам травматология бөлімінде стационарлық ем алуда.

Ал 3 ақпан күні таңертең облыстық көпсалалы аурухананың жедел жәрдем бөліміне 8 адам жүгінген. Олардың үшеуі ауруханаға жатқызылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<