Көктемгі дала жұмыстары мен дала өрті мәселелері талқыланған мәжіліс өтті

7

0

Фото: ауыл шаруашылығы басқармасы

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бахыт Дүйсенұлының төрағалығымен көктемгі дала жұмыстарының барысы және дала, орман өрттерінің алдын алу мәселелеріне арналған кеңейтілген мәжіліс өтті.

Мәжіліске қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ облыстық салалық басқарма басшылары, Төтенше жағдайлар департаменті, Экология департаменті, Полиция департаменті, Табиғат прокуратурасы, «Қазсушар» облыстық филиалы, «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясы басшылары қатысты.

Күн тәртібінде көктемгі дала жұмыстарының атқарылу барысы жан-жақты қаралып, егіс алқаптарын сапалы тұқымдармен, қажетті көлемде минералдық тыңайтқыштармен, жанар-жағармай ресурстарымен және ауыл шаруашылығы техникаларымен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, суармалы су тапшылығының алдын алу, су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу, ирригациялық жүйелердің тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыстардың жай-күйі сараланды.

Мәжіліс барысында дала және орман өрттерінің алдын алу, олардың туындау себептерін болдырмау, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осы бағытта жауапты мекемелердің өзара іс-қимылын күшейту қажеттігі атап өтілді.

Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары Бахыт Дүйсенұлы тиісті салалық облыстық және республикалық мекемеле басшыларына, сондай-ақ қала және аудан әкімдеріне өрт қауіпті кезеңде бекітілген мобильді топтардың рейдтік іс-шараларын тұрақты негізде және күшейтілген режимде жүргізуді тапсырды. Сонымен бірге, көктемгі дала жұмыстарының белгіленген мерзімде әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету, шаруашылық құрылымдарына жан-жақты қолдау көрсету және барлық тиісті шараларды үйлестіре отырып жүзеге асыру жөнінде нақты міндеттер жүктеді.