«Көктөбе» телемұнарасына жарық беру кестесі өзгереді

181

0

Фото: Алматы әкімдігі

Алдағы мереке күндеріне орай «Көктөбе» телемұнарасын жарықтандыруға қосу кестесі өзгереді.

– 20 желтоқсаннан бастап «Көктөбе» телемұнарасының мультимедиялық жарықтандыруы күн сайын сағат 17:00-ден 01:00-ге дейін қосылады, ал 01:00-ден 05:00-ге дейін ғимараттың қасбеті негізгі жарықпен жарқырайды. Бұған дейін телемұнараның сәулеттік-көркем жарықтандыруы сағат 20:00-де қосылатын, – деп хабарлады қалалық әкімдіктен.

Қаланың басты символы әрі көрікті орны мерекелік жарық шамдармен безендіріледі.

Айта кетейік, биіктігі 370 метрден асатын телемұнара 185 TLOS-H прожекторы әртүрлі сәуле тарату бұрыштарымен жабдықталған. Сондай-ақ, құрылымның 10 деңгейін жарықтандыратын LED модульдері бар жарық сызықтарынан тұратын медиафасадпен қамтамасыз етілген.

Осыған дейін «Көктөбе» телемұнарасында жарықтандыру технологиясы қалай жұмыс істейтіні туралы жазған едік.

Айта кеткен жөн, осыған ұқсас технология Нью-Йорктегі Empire State Building ғимаратын және Дубайдағы Бурдж-Халифа зәулім ғимаратын жарықтандырады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<