Көлік министрі тұрғындармен кездесті

462

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бірнеше облысты бір-бірімен байланыстыратын қара жол аймақ әлеуетінің жақсаруына тікелей әсер етеді. Бұл ретте жол мәселесінің тиімді шешілгені аса маңызды.

Осыған орай, аймақтағы ахуалмен танысу үшін Сыр еліне сапарлаған ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев облыс тұрғындарымен кездесіп, бірқатар маңызды мәселелер ортаға салынды. Көтерілген мәселелердің бірі – Сексеуіл кентіне барар жолдың сапасы, автомобильдерді тіркеу жұмыстары сынды тақырыптар сөз болды.

Бұған дейін министр Марат Қарабаев жаңадан бой көтерген автовокзал мен қайта жаңғыртудан өткен теміржол вокзалының құрылысымен танысқан болатын. Министр «Қызылорда-Жезқазған» күре жолының жай-күйін де көзбен көрді. Келер жылы оңтүстік өңірді орталықпен байланыстыратын жолдың 200 шақырымын толығымен іске қосу жоспарда екенін жеткізді.

– Халықпен кездесуде талқыланған өзекті мәселелер көп болды. Соның ішінде «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» жолын 4 жолақтыға ауыстыру бойынша бірнеше сұрақтар қойылды. Ол бойынша келесі жылы тиісті жұмыстар басталады. Қазіргі таңда жол құрылысына байланысты құжаттар әзірленіп, Ақтөбе аумағындағы жолды жаңғырту жұмыстары басталады, – деді министр Марат Қарабаев.

Одан әрі министр тұрғындардың мәселелеріне байланысты жеке қабылдау өткізіп, БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<