Ертіс өзеніне батып кеткен көлік судан шығарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ҚР ТЖМ мәлімдеме жасады.
«Семейде ТЖМ қызметкерлері 68303 әскери бөлімінің инженерлік техникасының көмегімен су астында жатқан көлікті алып шықты. Қазір табылмаған екі адамды 100-ден астам қызметкер іздестіріп жатыр», – делінген министрлік хабарламасында.
Еске сала кетейік, кеше таңертең Бейбітшілік аралында ішінде 4 адам бар жеңіл көлік бетон қоршауға соғылып, жарқабақтан өзенге құлап кеткенін жазған болатынбыз.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<