Көмек кімдерге беріледі?

1119

0

ҚР Үкіметінің номер 64 Қаулысына енгізілген өзгерістерге сәйкес Міндетті оқу қоры есебінен көмек материалдық және қаржылай көрсетіледі.

Осыған орай, Міндетті оқу қоры есебінен көмек алу үшін баланың білім алатын мектебіне тиісті әлеуметтік жағдайын дәлелдейтін құжаттары мен өтініш береді.

Оң шешім шыққан жағдайда көмек қаржылай көрсетіледі.

Айта кету керек, осыдан бір ай бұрын ҚР Оқу ағарту министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік осал топтарға мектеп формасын емес, ақшалай көмек беруді ұсынған болатын.

– Қазіргі күні «Жалпыға бірдей білім беру» қоры халықтың әлеуметтік осал топтарына киім-кешек, аяқ киім, оқу құралдарымен қамтамасыз ету арқылы көмек көрсетеді. Енді бұл көмекті ақшаға айналдырып, ата-ананың шотына аудару ұсынылып отыр. Яғни ата-аналар балаларын мектепке дайындау үшін ең қажетті заттарды өздері сатып ала алады», – деп жазды Аймағамбетов.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<