Көмекбаев ауылының тұрғындарымен кездесті

676

0

«Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» ҚР Президентінің жарлығына сәйкес аудан әкімі Әділбек Ерсұлтановтың 1-5 тамыз аралығындағы кент, ауылдық округтердегі халықпен кездесуі басталды. Аудан басшысы Т.Көмекбаев, Қуаңдария, Алдашбай ахун, Дауылкөл ауылдарында болды.

Кездесу Т.Көмекбаев ауылында басталды. Алдымен аудан әкімі Ә.Бөрібайұлы ауылдың ақ баталы ақсақалы, тыл ардагері Серікбай Шамшатов ата мен Базаш Ибраева анамыздың отбасына арнайы ат басын бұрып, сый-құрметін жасады. Одан соң ауылдағы абаттандыру жұмыстарының барысымен танысқан аудан әкімі ауылдық клуб үйінде тұрғындармен кездесті.

Жалпы Т.Көмекбаев ауылдық округінде биыл негізгі екі ірі жоба жүзеге асырылады. «Қарақ және Қоңыраулы-көлдей» су тоспасының құрылысына облыстық бюджеттен 113,1 млн теңге, ауылдағы су қабылдайтын құрылғыны қайта құру жобасына 253,4 млн теңге қаржы бөлініп, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік сатып алу қорытындылары тамыз-қыркүйек айында шығады. Бұдан бөлек, 2,5 млн теңгеге 1 дана электр трансформатор сатып алынған. Ауылдағы аллеяға Арка орнату, спорт алаңына жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілген. Сондай-ақ, ауылда жаңадан балабақша мен клуб үйін салу туралы сұранысқа сәйкес аудандық бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, 100 орындық клуб үйі құрылысының жоба сметалық құжаттары әзірленіп, сараптама қарауына ұсынылуда.

Ауыл тұрғындары еккен жалпы егіс көлемі 25 гектарды құрапты. Сонымен қатар ауылда 1474 бас МІҚ, 1768 бас жылқы, 846 бас түйе, 7570 бас уақ мал тіркелген. Аудандағы төрт түлік мал басы санының өсуіне байланысты жайылымдық жерлердің жетіспеушілігін болдырмау мақсатында елді мекендерден шалғай орындардағы көне су ұңғымаларын тазарту арқылы, қайта іске қосу үшін 26 су ұңғымасы құжаттандырылып ұсынылған. Оның ішіндегі 7 су ұңғымасы Көмекбаев ауылдық округінің аумағында.

Тұрғындар тарапынан зейнетақыны көбейту, балабақша салу, аяқ су мәселелері бойынша сұрақтар қойылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<