Көмір қоры жеткілікті

706

0

Жылу беру маусымы облыстық штабтың тұрақты бақылауында. Коммуналдық мекемелер штабтық режимде жұмысын жалғастыруда. Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Нұрмағанбетов осылай деп мәлімдеді.

Облыста жылу беру маусымы қалыпты жалғасуда. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Руслан Нұрмағанбетов облысқа қажетті 176,2 мың тонна қатты отынның 95 пайызы жеткізілгенін хабарлады. Бүгінде қала және аудандардағы көмір қоймаларында 7472 тонна көмір қоры бар.

– Қазіргі таңда аймақта жылу беру маусымы тұрақты өтуде. Жалпы облыстағы 1064 әлеуметтік нысан мен 845 тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Сондай-ақ, тұрғындарды қатты отынмен қамтамасыз ету үшін барлық көмір қоймаларына мониторинг жүргізілуде. Жалпы өңірде көмір тапшылығы жоқ және қатты отын бағасын тұрақты ұстау үшін өңірлік операторлармен меморандум жасалды, – деді басқарма басшысы Руслан Аймырзаұлы. – Тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ету мәселесі әркез біздің назарымызда.

Жауапты мамандар қатты отынның қоры жеткілікті екенін айтады. Қарапайым халық жетпей қалған көмірді қыста да алуы мүмкін. Сондықтан көмір қоры үнемі қадағалауда болады.

Көмір қоры жеткілікті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<