Көне ғимараттың сыры

196

0

Қалада көненің көзіндей сақталып келе жатқан санаулы ғимарат бар. Олардың әрқайсысының өзіндік тарихы мен сыры сақтаулы. Солардың бірі – қазіргі ескі базар аумағында орналасқан «Аль-Асад» сауда үйі. Көпшілік мұны сауда үйі ретінде біледі. Ал оның тарихы тереңде.

Бұл ғимаратта төрт класты қазақ жас­тарына арналған тү­земдік мектеп бол­ған. Қазан төңкерісінен кейін, 1925-1929 жылдары баспахана қыз­ме­тін атқарып, одан республикалық «Ең­бекші қазақ» және «Советская степь» газеттері, өзге де басылымдар жарық кө­ріп, еліміздің әр түкпіріне тарады.  Сон­дай-ақ 1929-1973 жылдары облыстық кі­тапхана, кейінгі уақытта тігін-тоқыма фаб­рикасының үйі орналасты. Бұл тура­лы «Сыр журна­лис­тикасының тарихы» кітабының 3-томында 1925-1929 жылдары Қызы­л­орда астана болған аралықта ең алғаш республикадағы баспахана осы ғи­маратта орналасқаны, «Еңбекші қазақ» және «Со­ветская степь» газеттері басыл­ғаны, кейін бұл ғимаратқа аяқ киім фаб­ри­касы көшіп келіп, мұнан соң жекеге өтіп, «Аль-Асад» дүкеніне айналғаны жа­зылған.

Қазіргі «Аль-Асад» дүкені – ХІХ ға­сырға тән сәулет үлгісінде салынған Қы­зылорда қаласындағы ең ескі құры­лыстардың бірі. Бұл ғимарат 1878 жылы инженер, генерал Брюноның жобасы бойынша не­гізі қаланып, қыздар приход училищесі болып ашылды. Кейіннен мұн­да Перовск орыс-қазақ училищесі, жо­ғарыда атап өт­кендей Қызылорда ас­тана болған жылдары ең алғаш рес­пуб­­ликадағы баспахана осы ғимаратта орна­ласты.

Кейінгі жылдары бұл ғимаратта аяқ киім фабрикасы орналасып, тоқсаныншы жылдары жекешелендіру уақытында же­­ке­меншік қолға өтіп, «Аль-Асад» сау­да дүке­ніне айналды. Қазіргі уақытта ғи­марат – мем­лекет қорғауына алынған жер­гілікті ма­ңызы бар тарих және мәдениет ескерт­кіші.

Сонымен қатар, 2017 жылы ғимарат қа­бырғасына «Мұстафа Шоқай 1899-1902 жылдар аралығында осы Перовск учи­лищесі ғимаратында оқыды» деген тақта орнатылды.

«СБ» ақпарат