Көпбалалы аналарға алтын және күміс алқа берілді

48

0

Фото: Жалағаш ауданы әкімдігі

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов көпбалалы аналарды қабылдап, «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерін табыстады. Марапаттау рәсімінде аудан басшысының орынбасары аналарды құттықтап, жылы лебізін білдірді.

«Отбасы – шағын мемлекет десек, сол мемлекеттің болашағын тәрбиелеп, өсіріп отырған сіздер, аяулы аналар. Ауданымыздың 85 жылдық мерейтойында, тағы бір тарихи сәттің куәсі болып отырмыз. Сіздер табиғат сыйлаған табандылық пен іскерліктің, шыдамдылық пен қажырлы қайраттың арқасында әр салада қызмет етіп, тек қана ұл-қыздарыңызға ғана емес, жан-жаққа үлгі болып жүрсіздер! Сондықтан алдағы уақытта сол еңбектеріңіздің жемісін көріп, балаларыңыздың қуанышына тоймай жүре беріңіздер. Барлығыңызға денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға амандық тілеймін», – деді аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов құттықтауында.

Көпбалалы аналарға алтын және күміс алқа берілді

Салтанатты шарада Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Гүлдана Әбсадықова, Гүлжат Төлеуова, Анар Байсақалова «Алтын алқа» иегерлері атанса, Салтанат Құтыбаева, Мирамкул Айтмағанбетова, Самал Әбдіғазықызы, Гүлжан Майжанова, Нұргүл Ахметова, Жадыра Алиева «Күміс алқамен» марапатталды.

Шарада аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Эльмира Әбсатова құттықтап сөз сөйлесе, көпбалалы аналар өз алғыстарын, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Жалағаш ауданы әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<