Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Жаналинов Данияр Еренғалиұлы мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әбiлпатта Алмас Әбдіғаппарұлы, көпбейінді облыстық ауруханасының бас дәрігері Баймаханов Жасұлан Болатбекұлы және медицина саласының ардагерлерi Тұрғанбай Маханұлы, Абдулла Шүленбаевтың қатысуымен көпбейінді облыстық ауруханасында 30 төсек-орынға арналған ревматология бөлімшесі ашылды.
Жаңа бөлімше Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық профильді бөлімшелерді кеңейту бағдарламасы аясында іске қосылды. Облыс тұрғындарына сапалы әрі уақытылы медициналық көмек көрсету, ревматологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтау және тиімді ем жүргізу, сондай-ақ асқынулардың алдын алу мақсатында ашылған бөлiмде ревматологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдерін енгізуге мүмкіндік берiп, нәтижесінде пациенттерге кешенді және үздіксіз медициналық көмек көрсету деңгейі артатын болады.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2025 жылы Қызылорда облысында қаңқа-бұлшықет жүйесі және дәнекер тін ауруларымен 40 771 науқас тіркелген, оның ішінде 18 629 жаңа жағдай анықталған. Сонымен қатар, дәнекер тіннің жүйелі аурулары 642 жағдайды құрады.
Көпбейінді облыстық ауруханасында 2025 жылы 282 науқас стационарлық ем қабылдап, орташа ем қабылдау ұзақтығы 13,5 күнді құраса, қазіргі таңда 44 адам жоспарлы госпитализацияны күтуде.
Осыған байланысты ревматология бөлімшесінің ашылуы – өңір халқы үшін жоғары мамандандырылған медициналық көмекті қолжетімді етіп, ауруларды ерте анықтау мен тиімді ем жүргізуге мол мүмкіндік береді.






