Жалағаш кенті орталығында орналасқан көппәтерлі үйлерді күрделі жөндеуден өткізу мәселесі күн тәртібінен түскен емес.
Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов Жалағаш кенті Т.Үркімбаев көшесіндегі №2 көппәтерлі тұрғын үйдің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.
Көппәтерлі тұрғын үйдің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қайтарымды қаражат есебінен республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, бүгінгі күні күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жауапты мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарының сапалы болуы тапсырылды.
Жалағаш ауданы әкімдігі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<