Көппәтерлі тұрғын үйлердің иелеріне жер салығы салынбайды – Руслан Дәленов

944

0

Жеке тұлғаларға салық салу жеңілдетіледі. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Бүгін жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы талқыланып жатыр.


«Салық элементтерін (салық салу объектісі, салық базасы, мөлшерлемесін, есептеу және төлеу тәртібін) өзгертпей жеке тұлғалардың мүлік және жер салықтарын біріктіру ұсынылады, 2 салық бірыңғай төлеммен төленеді. Бұл ретте, көппәтерлі тұрғын үйлердің иелері үшін жер салығын алып тастау ұсынылады», – деді министр.


Р. Дәленовтың сөзіне қарағанда, салық төлеушілерге қолайлы болу мақсатында көлік салығын төлеу мерзімін биылғы 31 желтоқсанынан келесі жылдың 1 сәуіріне ауыстыру ұсынылып отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<