Семей қаласында көпқабатты жаңа үйдің сыртқы қаптамасы опырылып түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Семейдегі Қарағайлы көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің сыртқы қаптамасы бұзылып, түсіп жатыр. Осыған орай қала әкімдігі тиісті шара қабылдауда.
«Аталған көшедегі 22-ші үй қасбетінің опырылуына байланысты шаһар әкімінің тапсырмасымен аккредиттелген арнайы ұйым ғимараттың техникалық жағдайын зерттеді. Соның нәтижелері бойынша сылақ қабаты материалдарының әркелкілігіне байланысты осындай жағдайдың болғаны анықталған. Сондай-ақ тұрғын үйдің сыртын әрлеу жұмыстары жобадан ауытқыған», – делінген әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Қазіргі уақытта опырылған сыртқы қаптаманы қалыпқа келтіру мәселесі шешілуде.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<