Танымал продюсер Дариға Бадықова басқаратын «Badykova Production» компаниясы әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазбасын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Желіде жарияланған мәліметке сәйкес, 26 наурыздан бастап көпшілік асыға күткен «Таптым-ау сені 3» фильмі көрерменге жол тартады. Жазбаның басты бетінде Олжас Абай мен Дариға Бадықованың фотосуреттері орналастырылған.
«Көптен күткен жаңалық. «Таптым-ау сені 3″ жарыққа шығады! 26 наурыздан бастап кинотеатрларда. Сүйікті кейіпкерлеріңіз қайта оралады. Жаңалықтардан қалмау үшін парақшаға тіркеліп қойыңыз», – делінген жазбада.






