Көрші Ресейде адыраспанға тыйым салынды

427

0

Фото: Dzen.ru

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі еліміздің азаматтарын көрші Ресейге адыраспан алып баруға болмайтынын ескертті, деп хабарлады Қазақпарат.

«Биыл ақпан айынан бастап Ресей Федерациясында гармала деген өсімдік, яғни жалпақ тілмен айтқанда адыраспан тыйым салынған өсімдіктер қатарына енгізілді. Оны сол елге апарғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. 1 миллион рубльге дейін айыппұл немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы ескерілген», — деді Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев ведомствода өткен апталық брифингіде.

Оның айтуынша, көрші елге аса ірі мөлшерде апарғандарғандарға 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы бар.

«Сондықтан, Ішкі істер министрлігі шетелге шығуды жоспарлап отырған Қазақстан азаматтарына баратын елдің заңын біліп жүруге кеңес береді. Шет мемлекеттердің аумағында тыйым салынған өсімдіктер мен дәрілік препараттарға назар аудару қажет. Өз сапарыңызға жауапкершілікпен қараңыздар», — деді ресми өкіл.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<