Көршісінің үйін балаларымен бірге өртемекші болған

638

0

Араққа сылқия тойып алған жергілікті тұрғын көршісінің үйін өртемекші болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 мамырда Көкшетау қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын хабарласып, көмек сұраған. Әйелдің сөзінше, көршісі оның үйіне бензин шашып, өртеп жіберетінін айтып қорқытқан.

«Айтылған мекен-жайға дереу учаскелік полиция инспекторы, капитан Борис Толгуров пен лейтенант Ерқанат Орынбай жетті. Олар барған кезде, үйдің ішінде масаң күйде екі ер адам және бір бала болды. Тағы төрт бала үйдің ауласында жүрді. Ер адамдар үйдің бөлмелерінің еденіне бензин шашып, от қоюға әрекеттенген. Полиция оқыс жағдайдың алдын алды», – деді ведомстводан.

Департаменттің баспасөз қызметінен атап өткендей, қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталуда. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданбақшы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<