Көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер айыппұлға жазаланды

463

0

Фото: ашық дереккөзден

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігімен Өзбекстан Республикасының төрт азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды.


Сотта анықталғандай, шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасы аумағына жеке мақсатта келіп, заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтарып, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған.


Сот отырысында олардың құқық бұзушылық әрекеттері, өздерінің кінәларын мойындаған жауаптарымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулыларымен шетелдік азаматтар жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, әкімшілік айыппұлға жазаланды.

Арал аудандық соты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<