Колледждердің білім гранты иегерлерінің тізімі қашан жарияланады

726

0

Республика колледждеріндегі білім гранты иегерлерінің тізімі 26-28 тамыз аралығында жарияланады.

Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментінің басқарма басшысы Алтай Рахимберлин осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

– Бүгіннен бастап гранттардың қорытындысы жариялануда. Қазіргі таңда мерзімді медициналық және шығармашылық мамандықтар бойынша гранттардың нәтижелері белгілі болды, – деді Алтай Рахимберлин.

Оның айтуынша, талапкерлер грант нәтижелерімен ғаламтордан және колледж сайттарынан білуге болатынын айтты.

– Жұмысшы және орта буын мамандықтарына берілетін гранттардың қорытындысы 26-28 тамыз аралығында белгілі болады. Жалпы, биыл сұранысқа ие мамандықтар бойынша бізде арнайы байқау ұйымдастырылады. Оған сәйкес, біз танымал педагогикалық, медициналық мамандықтар бойынша грантқа өтпегендерді басқа салаларға бағыттаймыз, – деп толықтырды Алтай Рахимберлин.

Сонымен қатар ол биыл колледждерге түсуге 180 мыңнан астам талапкер құжат тапсырғанын мәлім етті.