Колледждерге арналған гранттар саны өсті

802

0

Колледждерде студенттер үш құзыреттілікті меңгеріп шығады. Бұл туралы Үкімет отырысында еліміздегі білім беруді дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын талқылау кезінде Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Колледждер мәселесіне тоқталсақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жастар тиісті мамандықтар бойынша 100 пайыз қамтылады. Биыл гранттар саны өсіп, рекордтық 128 мың орынды құрады. Енді студенттерге бір емес, үш құзыреттілікке дейін алып шығу мүмкіндігі берілді», – деді А. Аймағамбетов.

Оның айтуынша, мемлекеттік тапсырысты кәсіпорындардың өздеріне, олардың нақты өтінімдері бойынша нысаналы түрде беру жалғасады.

«Биылдан бастап колледждерге академиялық дербестік берілді. Бұл қадам кадрларды даярлау сапасын арттыруға толығымен мүмкіндік берді», – деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, балабақшаларда балаларды ерте дамытудың жаңа моделі енгізіліп жатыр. Осы орайда ондағы бағдарлама да, оқыту әдістері да түбегейлі өзгереді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<