Құрметті талапкерлер мен ата-аналар! 25 маусымнан бастап колледждерге құжат қабылдау жүруде. Биыл мемлекеттік тапсырыс саны ұлғайып, 4708-ге жетіп отыр. Бұл түлектер үшін үлкен мүмкіндік.
Талапкерлерге ыңғайлы болу үшін құжаттарды қабылдау автоматтандырылған және Egov.kz порталы арқылы, сондай-ақ дәстүрлі форматта колледждердің өзіне тапсыруға болады. Талапкерлер үшін еліміздің 4 колледжіне бірден 4 мамандық бойынша құжат тапсыру мүмкіндігі бар.
Орта буын мамандықтарына түсетін талапкерлер арасында конкурс міндетті және бейінді пәндер бойынша аттестаттың орташа балы арқылы өткізіледі. Ал, жұмысшы біліктілігіне түсушілер әңгімелесу қорытындысы бойынша колледжге қабылданады.
Құрметті талапкерлер! Сіздерді колледждерімізде асыға күтеміз. Мұнда Сіздер кәсіби маман болып қалыптасасыздар!
Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<