Жаңа жылдық мереке күндері коммуналдық қызметтер мен төтеншеліктердің жұмысы қызу болады. Олар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, коммуналдық қызметтердің толық берілуін қадағалайды.
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңына келген жауапты саланың мамандары мереке күндері күшейтілген жұмыс режиміне көшетіндерін айтты.
– Облыс бойынша жылу беру маусымына тіршілікті қамтамасыз етуші кәсіпорындар мен әлеуметтік сала нысандарының дайындығы бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп, жоспарланған жұмыстар толығымен орындалды. Қазандықтар сыртқы ауа температурасына сай жылу энергиясы берілуде. Өңір бойынша жауапты штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Жылу маусымының үздіксіз өтуі облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында, – деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Ізмағамбетов.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам өмірі мен денсаулығын, меншікті және қоршаған ортаны өрттен қорғау мақсатында азаматтық қорғау қызметкерлері жүйелі түрде облыс тұрғындарындарына үгіттеу-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
– Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жаңа жылдық іс-шаралар өтетін орындардың тізімі қалыптастырылуда. Бүгінгі күні облыс аумағында 763 объектінің тізімі нақтыланды. Олардың басым бөлігі білім беру объектілері, яғни мектептер мен балабақшалар. Барлық объектілер мен құрылған шыршалардың өрт қауіпсіздігі жағдайына қарау жұмыстары жүргізіліп, барлығы 169 бұзушылық анықталды. Бұзушылықтар дер кезінде жойылып, қалпына келтірілді, – деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Нұрсұлтан Ибрагимов.
Мереке күндері қалалық шаруашылық объектілері мен тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін барлық шаралар қабылданды. Барлық кезекші персонал жоғары дайындық режимі туралы танысып, нұсқаулықтан өткен.
Өңірлік коммуникациялар қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<