«Бір терезе» қағидаты бойынша жеке және заңды тұлғаларға коммуналдық қызметтер көрсетуді біріктіретін қала тұрғындары мен қала билігінің өзара іс-қимыл форматында Қызылорда облысының әкімдігі Қызылорда облысының геоақпараттық порталы базасында цифрлық коммуникация сервисі «Iorda.kz» порталы ресми іске қосылды.
Жүйе азаматтарға қажетті мекемелерге бару қажеттілігін жойып, қызметтерді онлайн түрде алуға мүмкіндік береді.
Портал Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «I-Qala» қалалық көрсетілетін қызметтер орталығының оң тәжірибесін іске асыру шеңберінде әзірленді.
iorda.kz порталының басты міндеті – қызмет көрсету процесін автоматтандыру, 24/7 қолжетімділік, бір электрондық өтініш негізі, бюрократияны жою, өтініш берушінің табиғи монополиялар субъектілерімен тікелей байланысын болдырмау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту.
Коммуналдық қызметтерді алуға келісімшарт жасасу, ақы сомасын төмендету үшін үйде тұратын адамдар санын азайту және өзге де қызметтерді енді үйден шықпай, Iorda.kz сайтында алуға болады және өтініш беру үшін Электронды цифрлық қолтаңба қажет болады. Жүйе толығымен автоматтандырылған және ақысыз негізде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Қазір порталда ШЖҚ «Қызылорда су жүйесі» МКК, «Қызылорда тазалығы» ЖШС, «Энергосервис» ЕЖШС, «Кызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ, «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК табиғи монополия субъектілерімен көрсетілетін 84 қызмет цифрландырылды. Атап айтқанда, жеке және заңды тұлғалармен келісімшарттар жасасу, есептеу аспаптарын ауыстыру және орнату, техникалық шарттарды беру, техникалық шарттарды келісу.
«Бизнеске арналған үкімет» орталығында мамандармен портал арқылы қызметтерді ала аласыз.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<